Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қарағанды облысында жүзден астам мал қырылып қалған

Қарағандыдағы Абай ауданына қарасты Жартас ауылының жазғы жайылымында жүзден астам ұсақ мал қырылып қалды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қарағанды облысында жүзден астам мал қырылып қалған
© Sputnik / Э. Литвинов

Қырылған ұсақ мал саны - 111, алты адамның малы. Ветеринарлық бақылау комитетінің мәліметінше, 14 шілдеде сағат 20.00-ден кейін ұсақ мал қырыла бастаған. Алты адамның малы бір жерге жайылып, бір жерден су ішкен.

“Алдын ала диагноз - улану. Аса қауіпті ауруларды болдырмау үшін патологиялық материал сынамалары алынып, облыстық ветеринариялық зертханаға жіберілді. Жануарлардың өлекселері өртеу арқылы жойылады”, - дейді ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті.

Облыстық әкімдік те мал уланып қырылды дегенді айтады.

“Алдын-ала болжам бойынша мал уланып қалуы мүмкін. Қазіргі уақытта зертханалық зерттеулер кешені жүргізілуде. Облыстағы эпизоотиялық жағдай тұрақты және бақылауда — аса қауіпті инфекциялар тіркелген жоқ. Мамандар мұндай жағдайлардың көзін анықтау және болдырмау бойынша жұмысты жалғастырады”, - дейді Қарағанды облыстық әкімдігі.