Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды Француз Республикасының ұлттық мерекесі – Бастилияны алу күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы бүгінде Франция саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда елеулі жетістікке жеткен халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі екенін атап өтіп, достас француз халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.
Сондай-ақ Қазақстан мен Франция қарым-қатынасы стратегиялық серіктестікке ұласқанына назар аударып, осы игі іске Эмманюэль Макронның қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.