Павлодар тұрғыны қаза тапқан қайғылы жағдай бойынша полиция тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.
«8 шілдеге қараған түні Павлодар – Қызылорда автожолындағы Береке мен Төртқұдық ауылдарының арасында MAN маркалы седельді тартқыштың автоцистернасында жүргізуші қаза тапты», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам бензин құю үшін цистернаға шығып бара жатып, құлап кеткен.