Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматы қаласының Әуезов ауданында бюджетке түсетін түсімдер екі есеге артты: салық өсімі — 84%

Алматы қаласының Әуезов ауданы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша тұрақты және сенімді өсім көрсетіп келеді. 2025 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалуда, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы қаласының Әуезов ауданында бюджетке түсетін түсімдер екі есеге артты: салық өсімі — 84%
Фото: Алматы әкімдігі

Ең маңызды жетістіктердің бірі — бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсу көлемінің артуы: 2024 жылдың сәйкес кезеңінде 91,5 млрд теңге болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 169 млрд теңгеге жетті.

Бұл деректер Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында аудан әкімі Абзал Егембердиевтің айтуымен жария етілді.

«Салық түсімдерінің 84,7%-ға өсуі — аудандағы іскерлік белсенділіктің артуын, кәсіпкерлік сектордың нығаюын және кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығының жақсарғанын көрсетеді», — деді аудан әкімі. 

Ауданда шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше назар аударылуда. ШОБ жұмыс істейтін субъектілерінің саны 6%-ға өсіп, 68 мыңнан асты. 

Бұл — аудандағы қолайлы іскерлік климаттың, жергілікті атқарушы билік тарапынан бизнесті қолдаудың тиімділігінің және тұрғындар арасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жоғары деңгейінің дәлелі. 

Осылайша, Әуезов ауданы Алматыдағы ең қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі ретінде өз позициясын нығайтып, әлеуметтік-экономикалық салада тұрақты өсім мен сенімді даму көрсетіп келеді.