Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Дәурен Қосанов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Тоқаев Руслан Жақсылықовты қызметінен босатып, қорғаныс министрі етіп Дәурен Қосановты тағайындады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Дәурен Қосанов қорғаныс министрі болып тағайындалды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Дәурен Қосанов бұған дейін қорғаныс министрінің орынбасары – қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болған.

55 жастағы генерал-лейтенант Армавир жоғары әскери әуе училищесін бітірген. Одан кейін Гагарин атындағы әскери-әуе академиясында және Ресей қарулы күштері бас штабының әскери академиясында оқыған.

Еңбек жолын Үшарал жойғыш ұшақтар полкінде бастаған. Талдықорғанда "Су27" эскадрильясының командирі, Қарағанды әуе базасының бастығы болды. Шымкент әуе базасын да басқарған.