Кеше елордада жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 15 адам зардап шекті. Жол апатына айыпты деп танылған жүргізуші қамауға алынды.
— Жолаушылардың денсаулығына ауыр зиян келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деген хабар алдық Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.