Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Алматы көшесінде ерсі би билеген бір топ қыз ұсталды

Алматыдағы Арбатта биік өкшелі аяқ киім киіп билеген қыздарды полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы көшесінде ерсі би билеген бір топ қыз ұсталды
фото: видеодан скриншот

Алматыда бір топ қыздардың "High Heels" билеген видеосы желіде тарады. Кадрлардан көшенің қақ ортасында қара қысқа белдемше киген қыздардың билеп жатқанын көруге болады. Оны айналада біршама адам тамашалап тұр.

Алайда аздаған уақыттан соң полиция келіп, биді бөліп жібереді. Осылайша қыздар бөлімшеге жеткізіліп, онда 4 сағат болған. Мұны хореограф Ділназ Ғалымжанова хабарлады.

Желі қолданушылардың бір тобы мұны ерсілік десе, енді бірі жарасымды екенін жазып жатыр. Алматы қалалық полиция департаменті қыздарды неге ұстап әкеткендерін түсіндірді. 

“Осы орайда стационарлық бекетте болған полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау үшін қатысушыларды Алмалы аудандық полиция басқармасына шақырды. Бөлімшеде олармен қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу және қоғамдық орындарда қандай да бір іс-шараларды өткізу кезінде белгіленген ережелерді сақтау туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсініктемелерден кейін барлық қатысушы босатылды”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.