Прямая трансляция

Астана

Астана

17.2°C

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты: 6 адам қаза тапты

Қостанай облысында 20 мамыр күні таңертең қайғылы жол апаты тіркелді. «Қайрақ» шекара бекетінен екі шақырым жерде Ford Transit көлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды paryz.kz.

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты: 6 адам қаза тапты
Фото: Қостанай облысы ПД

Жеңіл көліктің ішінде болған 10 адамның алтауы оқиға орнында көз жұмды.

Тағы бес адам әртүрлі жарақаттармен Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығы шетел азаматтары екені хабарланды. 

Қылмыстық іс қозғалды «Аталған дерек бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі – «Көлік құралдарын жүргізу ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді», - делінген Қостанай облысының Полиция департаменті хабарламасында.