Шерзат Болат ісі бойынша сотта кәмелетке толмаған сотталушы Думан Ысқақтан жауап алынды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қайғылы оқиға болған күні Нұрбол Тоқтаубаев Ысқаққа хабарласып, көлік рөліне отыруын сұраған. Өйткені Тоқтаубаев өзі ішімдік ішкен.
Ысқақ "Қамажай" дүкеніне неге қайтып оралғанын былай түсіндірді: Нұрбол Тоқтаубаев "Әскентай дүкенге ақшасын төлепті ғой, айтайық" деді. Барып, қайтадан сұрайық деп айтты, - дейді ол.
Екеуі келген кезде Дархан Әскентай дүкеннің алдында тұрған.
Мен нақты ештеңе байқаған жоқпын. Себебі дүкеннің жарығы шағылысып тұрды. Адамдарды ажырата алмадым, - дейді ол.
Ол "Шерзат Болаттың достары агрессия көрсетті ме?" деген сұраққа "әңгімеге келгенде қатайып көрінді" деді.
"13 қазанда берген жауабыңызда пышақты және мылтықты сүлгімен сүртіп жатқанын көрдім дедіңіз. Не үшін сүртіп жатты?" деп сұрады Думан Ысқақтан мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай.
Пышақты сүртіп жатқанын көрдім, ал мылтық тіреліп тұрған. Пышақтың қай жерін сүртіп жатқанын нақты білмеймін, сабын ғой деймін. Не үшін сүрткенін білмеймін, - деп жауап берді ол.