Прямая трансляция

Астана

Астана

28.51°C

Талғарда заңсыз айналымнан 100 келі мефедрон тәркіленді

Полиция қызметкерлері Алматы облысында өнеркәсіптік ауқымдағы есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Талғарда заңсыз айналымнан 100 келі мефедрон тәркіленді
Фото: polisia.kz

Есірткі өндірісі Талғардағы фермалардың бірінде ұйымдастырылған. Тінту кезінде 8 тоннадан астам прекурсор мен 100 кг дайын өнім, мефедрон тәркіленді.

Осылайша жалпы сомасы 3 млрд теңге болатын синтетиканың екі жүз мыңнан астам бір реттік дозасы заңсыз айналымға жіберілмеді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті есірткі құралдарын дайындағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза барын ескертеді.