Прямая трансляция

Астана

Астана

30.67°C

Сара Назарбаеваның жағдайына қатысты ресми түсініктеме берілді

Президент Іс басқармасына қарасты Медициналық орталықтың Ұлттық госпиталі Сара Назарбаеваның қазіргі денсаулық жағдайына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Сара Назарбаеваның жағдайына қатысты ресми түсініктеме берілді
фото: әлеуметтік желіден

«Науқастың көз жұмды деген ақпарат шындыққа сай келмейді. Қазіргі уақытта ол Ұлттық госпитальде ем қабылдап жатыр», – делінген аталған мекеменің Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабында.

Сондай-ақ мекеме ҚР Денсаулық сақтау кодексінің 273-бабына сәйкес науқастың диагнозы мен денсаулығына қатысты ақпараттың дәрігерлік құпия екенін еске салды.