Шерзат ісі бойынша сотта даудың басы басталған Қамажай дүкеніндегі видеолар көрсетілді, деп хабарлайды paryz.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
Сыра сатпаймын деген әңгіме болған жоқ, (автор - Шерзаттың әкесі Қаржаубай мен Дархан арасында). Ақшамды беріп, сырамды төледім. Аға рахмет деп кеттім. Кейін ақша салған бауырыма хабарластым, - деп сипаттады сәтті сотталушы.
Сәл уақыт өткен соң сағат 23:53-те дүкенге Шерзат Болат кіреді. Ол кезде сотталушы Әскентай дүкеннің сыртына шығып сыра ішіп, темекі шеккен. Ол мемлекеттік айыптаушының "неге бірден үйге қайтпадыңыз" деген сұрағына "телефоным дүкенде тұрғандықтан, оның шамалы қуатталғанын күттім" деп жауап берді.
Сағат 00:10-да Шерзат Болат дүкеннен сыртқа шықты. Осы уақытта (Әскентай) ұрып жібереді мені, - деді Әскентай.
Қорғаушы Шерзат дүкенге кірген кезде қолында бір зат болғанын айтады.
Судья оны көліктің кілті деп жауап қатты. Жәбірлеунуші тараптың адвокаттары Шерзаттың оң қолындағы зат кассет емес, экспандер деп атады.