Кеше кешкісін Алматының Сайын көшесінде жол-көлік апаты болып, жас жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.
1 мамыр күні кешкі сағат тоғыздар шамасында Алатау ауданында шағын автобус аударылған. Жүргізуші Сайын көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай, жол жиегіне ұшып кеткен.
«Жол-көлік апатының салдарынан шағын автобустың 1998 жылғы жолаушысы қаза тапты», - деді Алматы полициясы. Қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалған.