Прямая трансляция

Астана

Астана

9.96°C

Ауа райының қолайсыздығынан екі облыста жол жабылды

"ҚазАвтоЖол" Солтүстік Қазақстан облысы мен Атырау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ауа райының қолайсыздығынан екі облыста жол жабылды
Baq.kz

2025 жылғы 19 ақпан сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты “Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау теңіз порты” автожолының 3-120 шақырым аралығында (Доссор ауылы-Құлсары ауылы) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.

Жолды 20 ақпан сағат 07:00-де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

2025 жылғы 19 ақпан сағат 23:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды:

- "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 624-673 шақырым арылығы (Достық ауылы - Тоқсан Би ауылы); 

- "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 795-834 шақырым аралығы (Чистополье ауылы - Рузаевка ауылы).