Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Хабар-ошарсыз кеткен екі ақмолалық табылды

Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен екі тұрғынның қайда екені анықталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Хабар-ошарсыз кеткен екі ақмолалық табылды
Фото: Halyq Uni

Polisia.kz мәліметінше, 21 қарашада Есіл ауданының полиция бөлімінен ер адам көмек сұрады. Ол тәртіп сақшыларына өзімен бірге тұратын әйелі хабарсыз кеткенін айтып, іздеуге жәрдемдесуді өтінді. Әйел 6 қарашада үйден белгісіз бағытта кетіп, қайтып оралмаған.

Сондай-ақ, 22 қарашада полицияға Атбасар ауданының тұрғыны ағасының жоғалғаны туралы арызбен жүгінді. 8 қарашада ол өзінің пәтерінен сыртқа шығып, белгісіз бағытқа қарай кеткен, – делінген ақпаратта.

Осы күндері облыста өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында сақшылар жоғалған адамдардың екеуінің де қайда екенін анықтады. Ақмола облысының полиция департаменті өңір тұрғындарын өздерінің жоспарлары жайлы әрқашан туыстары мен жақындарына хабарлап отыруға шақырады.