Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Шымкентте пәтерлердің бірінен қария өлі табылды

Шымкентте пәтерлердің бірінен 78 жастағы қария өлі табылды. Қайғылы оқиға 15 қараша күні Спорт шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйде болды, деп хабарлады Paryz.kz massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте пәтерлердің бірінен қария өлі табылды
otyrar.kz

Зейнеткер иіссіз газға уланып көз жұмған. Полиция аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексiнің 306-бабы бойынша іс қозғалды. Тиісті сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Оқиға орнында тағы үш адам болған. Олар сол сәтте ауруханаға жеткізілген. Науқастардың бірі тіпті жансақтау бөліміне жатқызылған. 

"Қабылдау бөліміне үш 3 науқас жеткізілді. Кейуана және екі немересі. Әйелдің жағдайы ауыр болған соң реанимацияға жатқызылған. Келесі күні токсикология бөлімшесіне ауыстырылған. Жағдайы жақсы болуына байланысты немересі мен екеуін үйіне шығардық", - деді дәрігер-токсиколог Асылбек Мыңбосынов.