Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Павлодар облысында бір үйдің екі баласын зорлаған

Павлодарда бір үйдің кәмелеттік жасқа толмаған ағасы мен қарындасын зорлаған, деп хабарлайды paryz.kz.

Павлодар облысында бір үйдің екі баласын зорлаған
Фото: Halyq Uni

Облыстық білім беру басқармасы ақпаратына сәйкес, жантүршігерлік жайт колледжде оқитын қызға қатысты зорлық дерегін тергеу барысында анықталған.

«Колледждің кәмелетке толмаған студентіне қатысты зорлық-зомбылықты сотқа дейінгі тергеу барысында құқық қорғау органдары қыздың мектепте оқитын ағасына қатысты зорлық-зомбылық фактісін анықтады. Кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр», – делінген хабарламада. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге мәлімет тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.