Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 08.12.2025 14:30 Обновлять, 08.12.2025 17:27

Жамбыл облысында зират қоршауын ұрлап жүргендер ұсталды

Жамбыл облысында зират қоршауын ұрлауды «кәсібіне» айналдырғандар ұсталды. Бұл туралы Paryz.kz агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысында зират қоршауын ұрлап жүргендер ұсталды
фото: әлеуметтік желіден

Тұрар Рысқұлов ауданында 26 қазан күні екі ер адам зираттың темір қоршауын ұрлап жүрген жерінен ұсталды. ҚР ҚК-нің 24-бабы (Қылмысқа оқталу) және ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер 33 жастағы Жамбыл ауданының және 34 жастағы Байзақ ауданының тұрғындары екені анықталды. Тергеу барысында күдіктілердің бұрын жасалған Талас ауданы маңындағы зират қоршауларын ұрлау дерегіне қатыстылығы белгілі болды.

Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.