Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Тридцать один азанда: Шұғыл хабарлама неге сауатсыз дыбысталған

Бүгін Алматы тұрғындары терроризмге қарсы оқу-жаттығу жөнінде хабарлама алды.

Тридцать один азанда: Шұғыл хабарлама неге сауатсыз дыбысталған
Фото: Kazinform

Алайда алматылықтардың Android телефондарына келген ескерту хабарламасындағы мәтін сауатсыз дыбысталған.

Мәселен, 31 қазанда деген сөйлемді «тридцать один азанда»,- дейді. "Осыған орайды" "асыан арай" деп дыбыстайды.

Мұны жасанды интеллект, яғни робот айтып тұрғаны байқалып тұр.

Осы қате бойынша Кazinform агенттігі бірнеше жауапты мекемеге хабарласып көрді. Атап айтар болсақ, Алматы әкімдігі, Полиция және Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Ведомство өкілдері мұндай дыбыстық хабарлама жолданбағанын мәлімдеді.

«Тұрғындарға терроризмге қарсы оқу-жаттығу туралы хабарлама тек мәтін түрінде жолданған. Яғни, біздің тарапымыздан дыбыс қосылған жоқ. Оның қалай пайда болғаны білмейміз»,- деп жауап берді аталған мекеме өкілдері.