Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Новости Казахстана бүгін, 18.07.2024 12:33 Обновлять, 18.07.2024 13:56

Ақтөбеде оқушы қыз жоғалып кетті

Ақтөбе қаласында оқушы қыз жоғалып кетті. Жасөспірімді жақындары мен полицейлер іздестіріп жатыр, деп хабарлайды paryz.kz облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасына сілтеме жасап.

Ақтөбеде оқушы қыз жоғалып кетті
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Аружан Орынбасарова 2 мамыр күні үйінен шығып, содан қайта оралмаған.

«2007 жылы туған оқушы қыздың бойы 140-150 см, дене бітімі - орташа, шашы – ұзын, қара. Қара футболка, қара шалбар, ақ кроссовка киген. Қызды көрген-білгендер болса 102 телефонына немесе 8 771 785 1058 телефонына қоңырау шалу сұралады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.