Прямая трансляция

Астана

Астана

27.34°C

Қарағанды облысында белгісіз аурудан жылқылар қырылып жатыр

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Төрткөл ауылында жылқылар қырылып жатыр. Жануарларда іріңді жара дерматиті пайда болып, ауру жылқылар көп ұзамай өліп жатыр. Белгісіз инфекцияны анықтау үшін сынамалар алынды, деп хабарлайды Paryz.kz Кazinform сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында белгісіз аурудан жылқылар қырылып жатыр
Фото: Константина Шелкова

Әлеуметтік желілерде мал өлімі туралы роликтер пайда болды. Бейнедегі жылқы иесі жануарлардың аяғындағы іріңді жараны байқаған. Бұл жаралар жылқының бүкіл денесіне тарап кетеді екен. Ауданның ветеринарлық инспекциясы талдау үшін сынама алды. Қазіргі уақытта мамандар сол сынамалардың нәтижесін күтіп отыр.

«Төрткөл ауылындағы жағдай бойынша эпизоотиялық лимфангитке тән белгілері бар үш жылқыдан сынамалар алынып, зерттеу үшін зертханаға жеткізілгенін хабарлаймыз. Аурудың бұл түріне негізінен жылқылар пен есектер шалдыққыш келеді. Бұл ауру тек осы жануарлардың түрлеріне тән», - деді «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ басшысы Қайрбек Тұрсынбеков.

Сондай-ақ, өңірдің ветеринарлық қызметі эпизоотиялық лимфангит диагнозы расталса, Төрткөл ауылында карантин режимі енгізілетінін мәлім етті. Белгіленген карантиндік режим шеңберінде ауру немесе қырылған жануарлар тәркіленіп, жойылады. Сондай-ақ, заңнама шеңберінде қолданылатын нарықтық құн мөлшерінде өтемақы төленетін болады.

Ауру жануарлардың иелері атап өткендей, мұндай инфекция бұрын көрші ауылда расталған. Осы екі ауылдың малдары бір жайылымда жайылады екен. Ол кезде лимфангит диагнозы расталып, қырылған жылқылардың иелеріне өтемақы төленген.

Казахстан усиливает позиции в Азии: визит Касым-Жомарта Токаева в Китай открыл новые возможности для инвестиций и технологического партнерства Казахстан усиливает позиции в Азии: визит Касым-Жомарта Токаева в Китай открыл новые возможности для инвестиций и технологического партнерства Неліктен Қазақстан инвесторлар үшін Өзбекстан мен Орталық Азияның өзге елдеріне қарағанда тартымды? Неліктен Қазақстан инвесторлар үшін Өзбекстан мен Орталық Азияның өзге елдеріне қарағанда тартымды? Казахстан расширяет международное экономическое сотрудничество: новые инвестиционные проекты с США, Китаем, Японией и международными финансовыми институтами Казахстан расширяет международное экономическое сотрудничество: новые инвестиционные проекты с США, Китаем, Японией и международными финансовыми институтами Искусственный интеллект как новый язык молодежи: почему университеты Казахстана делают ставку на AI-проекты Искусственный интеллект как новый язык молодежи: почему университеты Казахстана делают ставку на AI-проекты Қазақстанда зейнеткерлер енді онлайн несие рәсімдей алмайды: Ұлттық банк төрағасы мәлімдеме жасады Қазақстанда зейнеткерлер енді онлайн несие рәсімдей алмайды: Ұлттық банк төрағасы мәлімдеме жасады +47°C-қа дейін аптап ыстық: Синоптиктер ескерту жасады +47°C-қа дейін аптап ыстық: Синоптиктер ескерту жасады От профилактики к доверию: почему открытый диалог становится важной частью борьбы с наркопреступностью От профилактики к доверию: почему открытый диалог становится важной частью борьбы с наркопреступностью Астана примет один из крупнейших международных турниров в мире фиджитал-спорта – Игры Будущего 2026 Астана примет один из крупнейших международных турниров в мире фиджитал-спорта – Игры Будущего 2026 Алматыда зейнеткер тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті Алматыда зейнеткер тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті