Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Новости Казахстана бүгін, 18.07.2024 09:30 Обновлять, 18.07.2024 10:53

Оралдағы жарылыс: Үшінші адамның денесі табылды

Оралда жарылыс болған жерден қаза тапқан үшінші адамның денесі табылып, шығарылды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Оралдағы жарылыс: Үшінші адамның денесі табылды
Фото: видеодан скриншот

Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін төтенше жағдайлар қызметі қираған құрылыстардың астынан 6 адамды тауып, құтқарды, оның 5-еуі емдеу мекемелеріне жеткізілді, 1 адам ауруханаға жатқызудан бас тартқан.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық қызмет, барлығы 190 адам мен 50-ден астам техника жұмылдырылған.

Оқиға орнында қаза болғандардың туыстары мен зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабында 8 (7112) 55-40-88 сенім телефоны жұмыс істейді.