Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Шымкент тұрғыны ұлын әуежайға жұмысқа орналастыру үшін алаяққа 2,5 млн теңге берген

Полицияға жүгінген жәбірленуші әйелдің айтуынша, бейтаныс ер адам өзінің байланыстары арқылы оның ұлын қалалық әуежайдың қауіпсіздік бөліміне жұмысқа орналастыруға уәде берген, Ол осы қызметі үшін 2,5 миллион теңге алып, ізін суытқан, деп хабарлайды Paryz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент тұрғыны ұлын әуежайға жұмысқа орналастыру үшін алаяққа 2,5 млн теңге берген

Аталған жайт бойынша дереу Қылмыстық кодекстің 190-бабымен тергеу амалдары басталған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 41 жастағы күдіктіні анықталып, полиция басқармасына жеткізілген.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше қазіргі таңда тәртіп сақшылары барлық айғақтарды жинап, қылмыстық істі айыптау актісімен сотқа жолдады.