Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Астаналық әйел жезөкшелер арқылы 1,5 жылда 500 млн теңгеден астам пайда тапқан

Астанада элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінде азаматтық некедегі ер мен әйел 1,5 жыл бойы жезөкшелер жұмысын ұйымдастырып келген. Елорда соты оларды 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Астаналық әйел жезөкшелер арқылы 1,5 жылда 500 млн теңгеден астам пайда тапқан
фото: polisia.kz

Астана қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың жалпы кірісі 500 миллион теңгеден асқан.

Жезөкшелер үйін әйел азаматтық некедегі күйеуімен бірге ұйымдастырған. Олар элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінен күн сайын бірнеше пәтер жалдаған. OLX сайты арқылы интимдік қызмет көрсететін қыздарды тауып алып, ол жерде массажист ретінде жұмысқа орналасу туралы хабарландырулар жариялаған. Сондай-ақ ол Kizdar.net сайтында да жарнамалаумен айналысқан, тіпті, қыздардың профильдері сол сайттың ТОП-ында болған. Олар күніне 800 мың теңгеден 2,5 миллион теңгеге дейін табыс тапқан, - делінген хабарламада.

Сот притонның негізгі ұйымдастырушысын 4 жылға бас бостандығын шектеу, ал оның серіктесін 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.