Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Астана сотында прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
фото: tengrinews.kz

"Гүлмира Сатыбалдыны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тануыңызды сұраймын. 389-баптың 4-бөлігі бойынша мүлкі тәркіленбестен 6 жыл, 28-баптың 3-бөлігі бойынша 8 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Жеңілдетілген жазаны неғұрлым қатаң жазаға қосып, Сатыбалдыға мүлкін тәркілеусіз 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деді прокурор Азамат Сәрсембаев.

Бұған дейін өз кінәсін толық мойындамаған Гүлмира Сатыбалды соңғы отырыста тағылған айыппен жартылай келіскен.