Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Қазақстаннан металл қалдықтары мен сынықтарын шығаруға тыйым салынды

Бұйрық 2021 жылдың 19 қазанында күшіне енеді. 

Қазақстаннан металл қалдықтары мен сынықтарын шығаруға тыйым салынды
фото: ашық дереккөз

Идустрия және инфрақұрылымдық даму министрі "Темір сынықтары мен түсті және қара металл тасымалындағы кейбір сұрақтар жайлы" заң жобасына қол қойды деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстан Республикасы аумағынан көлікпен темір сынықтары мен түсті және қара металлдың, өңделген қорғасынды аккумулятор мен аккумулятор қалдықтарын, бұрын қолданыста болған құбыр, рельс, жылжымалы құрам және темір жол бөліктерін шығаруға 6 айға тыйым салынады, - делінген құжатта. 

Алайда бұл тыйым қосындыланған және коррозияға берік болатқа, сонымен қатар жөндеу жұмыстары үшін ел аумағынан шығарылған және кіргізілген жылжымалы құрамға қатысты емес. 

Бұйрық 2021 жылдың 19 қазанында күшіне енеді.