Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Paryz.kz.
2026 жылғы 22 қыркүйекте жарияланған №1474 Жарлықпен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді. Кеңес құрамына еліміздің 126 азаматы кірді.
Жарлық «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 5-бабының 1) тармақшасына сәйкес қабылданған.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан Халық Кеңесінің қоса беріліп отырған құрамы бекітілді. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.