Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Тоқаев Ерлан Қариннің жаңа қызметіндегі міндеттерін айқындады

Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаев Ерлан Қариннің жаңа қызметіндегі міндеттерін айқындады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды.  Атап айтқанда, Вице-Президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік етіп, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымын жеткізу тапсырылды.