Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейресми Консультативтік кездесуге қатысу үшін Шолпан-Атаға барды, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барған.
"Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды", - делінген хабарламада.