Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Тоқаев Жарлыққа қол қойды: Құрылтайдың алғашқы сессиясы қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымдағы алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында айтылған.

Тоқаев Жарлыққа қол қойды: Құрылтайдың алғашқы сессиясы қашан өтетіні белгілі болды
Ақорда

Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымдағы бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11:00-де Астана қаласында шақырылады.

Мемлекет басшысы бұл шешімді Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес қабылдады. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Ақорда мәліметінше, бұл – Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымының алғашқы сессиясы.