Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Шымкентте көршісімен жанжал кезінде ер адам көз жұмды: полиция оқиғаға қатысты түсінік берді

Шымкент қаласының полиция департаменті көршілер арасындағы жанжал салдарынан көз жұмған ер адамның өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды paryz.kz.

Шымкентте көршісімен жанжал кезінде ер адам көз жұмды: полиция оқиғаға қатысты түсінік берді
Фото: видиодан скриншот

ПД мәліметінше, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу дерегі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

"Алдын ала анықталғандай, жәбірленуші мен оның көршісі арасында жанжал туындап, күдікті ер адамға бірнеше рет соққы жасаған. Алған дене жарақаттарының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

Күдікті жедел анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.