Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Ақмола облысында зейнеткер оққа ұшты

Ақмола облысында аң аулап жүрген ер адам оқыс жағдайда мерт болды. Оқ атылған қарудың иесі — Көкшетау тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақмола облысында зейнеткер оққа ұшты
Фото: pixabay

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

— Қару иесі қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Алдын ала анықталғандай, оқиға 6 қыркүйек күні Зеренді ауданындағы аңшылық маусымы кезінде болған. Көкшетау тұрғынына тиесілі мылтықтан абайсызда оқ атылып, қайғылы жағдайға әкеп соққан, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

64 жастағы ер адамға оқ тиіп, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Полицияның мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.