Ақтаулық 18 жастағы сарбаз Ақтөбеде мерзімді әскери қызметін өтеп жүріп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды paryz.kz.
Оның анасының айтуынша, дәрігерлермен сөйлескеннен кейін ұлы әскери қызметкерлердің өзін бірнеше рет соққыға жыққанын айтқан.
Сарбаз бейнежазбада әскерде өзіне күш көрсетілгенін айтып, денесінің әртүрлі жерінен ұрғанын жеткізген.
«Басымнан, қуықтан және ішімнен үнемі ұрады», – дейді ол.