Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Қарағандыда 23 жастағы жұмысшыны топырақ басып қалды

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары топырақ астында қалған ер адамды құтқарды, деп хабарлады ведомствоның хабарламасында.

Қарағандыда 23 жастағы жұмысшыны топырақ басып қалды
Фото: ТЖД

"Кеше Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданындағы Молоков көшесі маңында кәріз жүйесін тарту мақсатында жүргізілген жер қазу жұмыстары кезінде 2003 жылы туған жұмысшыны топырақ басып қалған", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жұмысшылармен бірлесіп, су мен топыраққа толған шұңқырдан зардап шеккен азаматты шығарып алды.

Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.