Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

25 тамызда сағат 12:35-те «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің жабық типтегі механикалық тазарту құрылыстарының тұндырғышында мұнай шламы тұтанды, деп хабарлайды paryz.kz.

Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты
Фото: видиодан скриншот

Зауыттың мәліметінше, оқиға кезінде нысанда ешқандай жұмыс жүргізілмеген.

Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Зауыт штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр.