Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Қостанай облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысты

Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы теміржол өткелінде жеңіл көлік пойызбен соқтығысты. Бұл туралы paryz.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанай облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысты
Фото: Қостанай облыстық ПД

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Жітіқарадағы теміржол өткелінде Lada Kalina көлігінің локомотивпен соқтығысуы дерегі бойынша полиция жеңіл көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік іс қозғады. Жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын белгісіне мән бермей, теміржолға шығып кетіп, локомотивпен соқтығысқаны анықталды. Зардап шеккендер жоқ", - деді Қостанай облыстық полиция департаменті өкілдері.

Полиция жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажет екенін және теміржол өткелдерінен өту кезінде жол белгілері мен бағдаршам сигналдарына назар аударып, барынша мұқият болуға шақырды.