Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Шығыс Қазақстанда үш балықшы суға батып кетті

ШҚО-да қатпаған мұзға құтқару кеудешесін кимей шығып, балық ауламақ болған үш ер адам көз жұмды, деп хабарлайды YK-news.kz басылымына сілтеме жасаған paryz.kz.

Шығыс Қазақстанда үш балықшы суға батып кетті
Фото: pixabay

Қайғылы оқиға Шемонаиха ауданы Зевакино ауылына жақын жерде болған.

"Ертіс өзенінің жайылмасында қатпаған мұздың үстіне шыққан 1984, 1960 және 1967 жылы туған үш балықшы суға батып кетті", – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сонымен бірге ер адамдардың үстінде құтқару кеудешелері болмаған. Қаза тапқандардың денесін ТЖД сүңгуірлері судан алып шыққан.

ТЖД мамандары алғаш аяз түсе бастағанда су айдындарына мұз қата бастайтынын, алайда бұл мұз үстімен жүру қауіпсіз дегенді білдірмейтінін ескертеді.