Сайран көлінің маңынан қару мен оқ-дәрілер табылды. Оқиға орнына аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шұғыл барды, деп хабарлайды paryz.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство ақпараты бойынша, күдік туғызған заттар Садовников көшесіндегі жеке тұрғын үйлер орналасқан аумақтан анықталған.
"Оқиға орнына Әуезов аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шұғыл жетті. Қару мен патрондар заңда белгіленген тәртіппен тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, табылған қару газды қару санатына жатуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Қазір полицейлер қарудың қайдан келгенін, кімге тиесілі екенін және қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.