Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Жетісуда полицейлер өртенген жүк көлігінен 38 жылқыны құтқарды

Жетісу облысында полицейлер өртеніп жатқан жүк көлігінен 38 жылқыны аман алып қалды. Оқиға Алматы – Өскемен тасжолының 175-шақырымында болған, деп хабарлайды paryz.kz.

Жетісуда полицейлер өртенген жүк көлігінен 38 жылқыны құтқарды
Фото: видиодан скриншот

Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері қозғалыс үстіндегі Volvo жүк көлігінің өртене бастағанын байқап, дереу көмекке келген.

Тәртіп сақшылары өрт сөндіргіштерді алып, жүргізушіге көмектесуге кіріскен. Жүк көлігінің ішінде 38 жылқының болғаны жағдайды күрделендірген. Өрт сөндірушілерді күтпестен, полицейлер көліктегі жануарларды сыртқа шығаруға кіріскен.

Сонымен қатар олар жалынды сөндіруге де әрекет жасаған. Жедел әрі үйлесімді әрекеттің нәтижесінде 38 жылқының барлығы қауіпсіз жерге шығарылды.

Белгілі болғандай, жүргізуші жылқыларды Күршімнен Шымкентке тасымалдап бара жатқан. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.