Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыда Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

Алматы қаласында қазақ өнерінің алып тұлғасы Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматыда Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Фото: kazinform

Халық әртісімен қоштасу Алматыдағы Опера және балет театрында ұйымдастырылған. Қаралы жиынға Асанәлі Әшімовтің отбасы мүшелері мен жақын-жуықтары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ қала тұрғындары жиналды. Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды марқұмның өнер саласына қосқан үлесін атап өтті.

Оның айтуынша, Асанәлі Әшімов кино өнерінің дамуына бар ғұмырын арнап, тұтас бір шығармашылық буынның қалыптасуына жол ашты. Сонымен қатар келесі жылы актердің 90 жылдық мерейтойын еліміздің мәдени өміріндегі ауқымды мерекеге айналдыру жоспарланғанын айтты.

Айта кетейік, белгілі кино және театр актері, режиссер, қазақ сахнасының абызы Асанәлі Әшімов 21 желтоқсан күні 88 жасында өмірден өтті.