Прямая трансляция

Астана

Астана

31.74°C

«Жылы өтпей үйленді»: Марқұм фельдшер Ұлдананың күйеуі сегіз айдан соң қайта шаңырақ көтерді

Әлеуметтік желілерде Астанадағы қайғылы оқиғадан кейін көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайының екінші рет шаңырақ көтергені туралы ақпарат кеңінен тарады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Жылы өтпей үйленді»: Марқұм фельдшер Ұлдананың күйеуі сегіз айдан соң қайта шаңырақ көтерді
Фото: әлеуметтік желіден

Еске салайық, 2025 жылдың 8 қарашасында елордада ғимарат қаптамасы кондиционерімен бірге құлап, салдарынан екі фельдшер мен тағы үш адам зардап шеккен еді.

Ауыр жарақат алған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан 18 қараша күні ауруханада қайтыс болды. Осы қайғылы оқиғадан кейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан қызметтік міндетін адал атқарып, төтенше жағдайда танытқан ерлігі мен жанқиярлығы үшін қаза болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде марқұмның жұбайының қайта үйленгені туралы жазбалар мен видеолар кеңінен тарап жатыр. Бұл ақпаратқа байланысты қоғам пікірі екіге жарылды.

Бір топ желі қолданушылары оның мұндай шешім қабылдауын ерте деп бағаласа, енді бірі адамның жеке өміріне құрметпен қарап, жұбайының өмірін жалғастыруға толық құқығы бар екенін айтып, қолдау білдіруде.