«GALANZ Bottlers» компаниясының Жаңа жылдық корпоративтік кешінде кәсіпорын басшысы Тұрсынғали Алагөзов өткен жылдың нәтижесін қорытындылап, ұжым мүшелеріне жағымды жаңалығын жеткізді, деп хабарлайды
Іс-шара барысында кәсіпкер компания қызметкерлерінің ата-аналарына тұрақты қаржылай қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, жасы 65-тен асқан әрбір қызметкердің ата-анасына ай сайын компания есебінен 50 мың теңге көлемінде арнайы төлем тағайындалады.
Бұл бастама ата-аналардың бала тәрбиесіндегі еңбегін және қоғамға қосқан үлесін бағалау мақсатында қолға алынған. Тұрсынғали Алагөзов ата-ананың рөлін ерекше атап өтіп, адал әрі жауапты мамандарды тәрбиелеп өсірген жандар әрдайым құрметке лайық екенін жеткізді.
«Маған осындай білікті де сенімді қызметкерлерді сыйлаған ата-аналарға ризашылығым ретінде, жастары 65-тен асқан әрқайсысына ай сайын 50 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі», – деді компания басшысы.