Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Алтын күте тұрсын»: Мұғалімнің ерекше мәһрі желіні шулатты

Әлеуметтік желілерде мәһрге сұралған ерекше сыйлық көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды paryz.kz ozgeris сайтына сілтеме жасап.

«Алтын күте тұрсын»: Мұғалімнің ерекше мәһрі желіні шулатты
Фото: видиодан скриншот

Тараған видеодан жас жұбайлардың мешітте неке қию рәсімінен өтіп жатқанын көруге болады. Дәстүр бойынша имам келіншектен күйеуінен қандай мәһр қалайтынын сұрайды.

Алайда көпшілікті таңғалдырған жауапта жас келін алтын әшекей бұйым емес, түрлі түсті принтер алып беруді өтінген. Көп жағдайда мәһр ретінде алтын немесе әшекей сұрау қалыпты саналғанымен, бұл жолы келіншек өз кәсібіне қажет дүниені таңдаған.

Видеоны жариялаған автор да осы жайтқа назар аударып, «Алтын кейін де бола жатар, ал принтер қазір маңызды» деген жазба қалдырған. Қалыптасқан дәстүрден өзгеше болған бұл өтініш желі қолданушыларының ыстық ықыласына ие болды.

Көпшілік мұғалімдердің қандай жағдайда да өз мамандығына жауапкершілікпен қарайтынын айтып, жылы әрі әзілге толы пікірлер жазуда. Кейбір қолданушылар «неке қиып тұрса да, жұмысын ұмытпаған мұғалімдерге тән әрекет» десе, енді бірі «тұрмысқа шықсам, дәл осылай мәһр сұрар едім» деп пікір қалдырған.