Шымкентте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің экс-басшылары сотталды, деп хабарлайды қалалық сот.
Экс-басшылар өзара сөз байласып, 129 млн теңге жымқырған. Ол қаражатқа автокөліктер сатып алынып, университет ғимаратына ешбір келісімсіз жөндеу жасалған. Олардың үстінен бірнеше бап бойынша іс қозғалды.
"Сот үкімімен университет ректорының міндетін атқарушы, экс-проректор 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы қылмысқа қатысы бар тағы бес адам 7 және 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - дейді ведомство.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.