Биылғы оқу жылына жергілікті атқарушы органдар тарапынан нысаналы даярлыққа арналған мемлекеттік білім беру гранттарына құжат қабылдау басталды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Биыл әкімдіктер 1544 грант ұсынып отыр. Оның ішінде ең көп грантты – 526-ны Астана әкімдігі бөлді.
Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы – 299, Шымкент қаласы – 285, Атырау облысы – 265, Абай облысы – 200, Түркістан облысы – 180, Батыс Қазақстан облысы – 128, Маңғыстау облысы – 108 грант бөлген. Қалған аймақтар 100-ден аз грант қарастырды.
Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер ЖОО қабылдау комиссиясына өтінішпен бірге білімі туралы құжат, ҰБТ сертификаты, жеке куәлік көшірмесі және (бар болса) жеңілдік санатын растайтын құжаттарды тапсыруы керек, - делінген хабарамада.
Құжат қабылдау мерзімі жөніндегі ақпарат әкімдіктер мен жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан беріледі. Грант иегерлерін арнайы комиссия анықтайды.
Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.