Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Астанадағы автобус апаты: қояншығы бар жүргізушінің денесі құрысып, екі адамды қағып кеткен

Астананың прокуратурасы денсаулығы автобус жүргізуге жарамайтын кісілердің адам тасымалдап жүргенін анықтады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанадағы автобус апаты: қояншығы бар жүргізушінің денесі құрысып, екі адамды қағып кеткен
Фото: istockphoto.com

«Прокуратура анықтағандай, қоғамдық көлік басқаруға болмайтын адам «Эпилепсия G40» диагнозымен автобус басқарған. Жүргізуші рөлде отырған кезде денесі құрысып, екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол 2021 жылдан бастап эпилепсия диагнозымен диспансерлік есепте тұрғаны анықталған. Бұл адам Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды прокуратура.

 Осы уақытқа дейін қала прокуратурасының бастамасымен сот 10 адамды жүргізуші куәлігінен айырды.