Атышулы Амантай қажы екі жылға сотталуы мүмкін. Алматылық полицейлер зейнеткер әйелді баспалдақтан қасақана итеріп жіберген деген күдікпен қажыға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.
"Бұл дерек бойынша Алмалы ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазақстан қылмыстық кодексі 107-бабының нормалары бойынша. Алған жарақатының деңгейі қаншалықты ауыр екенін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Содан кейін қылмыстық іс аясында тиісті процессуалдық шешім шығарылады", - дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
83 жастағы күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни шамамен 4 миллион теңге айыппұл арқалайды.