Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Мұхамбет Көпеев: Қасым-Жомарт Тоқаев шет тілдерді әдеби тұрғыда меңгерген

Мемлекет қайраткері Мұхамбет Көпеев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көптілділігіне тоқталып, оның шет тілдерін әдеби деңгейде меңгергенін Адырна ұлттық порталына берген сұхбатында атап өтті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Мұхамбет Көпеев: Қасым-Жомарт Тоқаев шет тілдерді әдеби тұрғыда меңгерген
Касым-Жомарт Токаев, фото Акорды

Оның айтуынша, Президенттің ағылшын, қытай және француз тілдерін білуі оның дипломатиялық қызметіндегі маңызды қасиеттерінің бірі. Қасым-Жомарт Тоқаев шет тілдерінде тек еркін сөйлеп қана қоймай, сол тілдердің әдеби байлығын да меңгерген.

Мұхамбет Көпеевтің сөзінше, Мемлекет басшысы көрнекті жазушылар мен ақындардың шығармаларынан үзінділерді, қанатты сөздер мен әдеби туындыларды түпнұсқада жатқа біледі. Бұл оның тілге деген терең білімін және әдебиетке жақындығын көрсетеді.

«Бұл кісі әдебие тілде сөйлейді. Қытайша да, французша да, әдебиет сөзімен сөйлейді», – деді Мұхамбет Көпеев.

 Мемлекет қайраткері халықаралық кездесулер кезінде тіл білудің маңызына да тоқталды. Оның пікірінше, шет тілін әдеби тұрғыда меңгеру шетелдік әріптестермен тікелей әрі еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Ол Қытай басшысымен кездесуді мысалға келтіріп, тараптардың өз тілдерінде сөйлескенін атап өтті. Мұндай кездесулерде тілмен бірге әдебиет пен мәдениетті білу де өзара түсіністікті нығайта түседі.

Мұхамбет Көпеевтің айтуынша, қазақтың әдеби мұрасы мен шешендік сөздерін білу де халықаралық деңгейдегі қарым-қатынаста ұлттық құндылықтарды танытуға мүмкіндік береді.