Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

Тоқаев Армения басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай президент Ваагн Хачатурян мен премьер-министр Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев Армения басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Ақорда

Мемлекет басшысы армян халқының ұлттық бірлігі мен жасампаз рухын, сондай-ақ елдің халықаралық аренадағы абырой-беделін паш ететін бұл айтулы күннің тарихи маңызы зор екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетаралық ықпалдастық пен стратегиялық серіктестік одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

"Қазақ-армян ынтымақтастығы ойдағыдай өрбіп, бірлескен күш-жігердің арқасында мән-мазмұны толығып келеді. Бұл елдеріміз арасындағы достық пен стратегиялық серіктестік рухына сай. Қазақстанның Армениямен сан қырлы байланысты күшейтуге ниетті екенін растаймын", – деп жазылған жеделхатта.

Президент Армения елі басшыларына мемлекеттік қызметте толайым табыс, ал достас армян халқына бақ-береке тіледі.