Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

Сәбидің өз салмағымен бірдей: Алматылық дәрігерлер жаңа туған баладан 2 келі кісікті алды

Алматылық дәрігерлер жаңа туған нәрестеден 2 кг ісікті алып тастады, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Сәбидің өз салмағымен бірдей: Алматылық дәрігерлер жаңа туған баладан 2 келі кісікті алды
Фото: ДСМ

Тамыздың 18-інде салмағы төрт келіден асатын қыз бала сегізкөз-құйымшақ тұсындағы үлкен түзіліспен дүниеге келген.

"Туа біткен мұндай түзіліс нәресте туған кезде қатерлі ісік болып саналмаса да, өмірінің алғашқы алты айында қатерлі ісікке айналуы әбден мүмкін. Сондықтан мұндай түзілісі бар нәрестеге отаны созбалаңға салмай жасау қажет", - дейді министрлік.

Бала туғаннан кейін бірнеше сағат ішінде неонаталдық реаниматологтар мен хирургтерден құралған топ перзентханаға барып, нәрестені Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізді. Қыз бала жаңа туған нәрестелер реанимациясы бөліміне жатқызылып, күрделі отаға дайындық басталған. Келесі күні дәрігерлер ісікті алып тастады.